Алматы. 8 желтоқсан. 7kun.kz - Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері мен "ҚазАгроКепіл" АҚ басшылығы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, алдағы үш жылда несие алған кәсіпкерлерді кепілдендіру туралы айтты деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
2016 жылдың 29 желтоқсанында Үкімет қаулысымен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. "ҚазАгроКепіл" АҚ бағдарламаның екінші бағыты бойынша, атап айтқанда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер бизнесін ашу, сондай-ақ қолданыстағы бизнесті кеңейтуге бағытталған шағын қалалар мен ауылдық жерлерде шағын несиелерді/несиелерді кепілдендіру бөлігі бойынша жұмыс жасайды. Қазіргі таңда, кепілдендіру құралдарын 183 шаруа пайдаланды. Ерекше атап өтетін бір жайт кепілдік алған 44% (80 шаруа) – бұл стартап-кәсіпкерлер, яғни бизнесін жаңадан ашқан кәсіпкерлер болып табылады. Жаңа кәсіпкерлердің үлесі 1 жылдан 3 жылға дейін 24% (45 шаруа) құрайды. Кепілдік алуға өтініш берген жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үлесі – 32% (58 шаруа). Қазіргі таңда берілген кепілдіктердің жалпы сомасы 970 млн теңгені құрайды. Қарыз кепілдігі бойынша – 8,7 млн теңге, орта кепілдік сомасы – 5,3 млн теңге. Келесі жылы кепілдендіру өтініштерін 750 бірлікке, ал 2019 жылы – 760-қа дейін ұлғайту күтілуде. Яғни, үш жылдың ішінде 1800-ге жуық фермерлер өз ісін дамытуға кепілдік алу арқылы несие ала алады. 2017 жылдың алғашқы алты айында микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлерге 43 млрд теңге көлемінде кредит берген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024