Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азаматтардың уақытша тіркелуі дегеніміз не?

Азаматтардың уақытша тіркелуі дегеніміз не?

Енді әрбір қазақстандық басқа қалаға барған жағдайда тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге тұруға міндетті. Егер заң нормасы орындалмаған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш (2017 жылғы АЕК - 2269 теңге) шамасында айыппұл төлейді.

Қазақстан азаматтардың міндетті тіркелуін қайта талқылай бастады

Бұл мәселе бұған дейін де талқыланған болатын. Азаматтардың басқа қалаға барған жағдайда сол жерде 10 күн ішінде тіркеуге тұруы туралы норма даулы болған. Бұл жайында "Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес" заңында айтылған. 2016 жылдың қазан айының ортасында аталған норма құқық қорғаушылардың сынына ұшыраған соң депутаттар мұны қолданысқа енгізуден бас тартқан. Алайда жаңа нормаға қатысты қайтадан өзгерістер болып, парламент заңды қабылдады және Президент заңға 22 желтоқсанда қол қойды. Мәжілісмендер бұл заңның қажет екеніне және әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатынына сенім білдірді.

Не өзгерді?

Жаңа заңға сәйкес, басқа жерге келген азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндетті. Яғни бұл басқа жерге көшіп, онда бір айдан көп уақыт тұруды жоспарлағандарға, тіркелген жері басқа, бірақ қалада тұратындарға қатысты. Норма бойынша тұрғын тұрғылықты жерін ауыстырған күннен бастап жаңа мекенжайда 10 күн ішінде тіркеліп үлгеру қажет. Тіркелу құны - 227 теңге. Норманы жүзеге асыру тәртібі әзірге белгісіз, бірақ азаматтар тіркелу жұмыстарын жаңа тұрғылықты жеріндегі халыққа қызмет көрсету орталығында  бітіре алады. ҚР ІІМ ҚР ІІМ Көші-қон департаменті бастығының орынбасары Галина Сәрсенованың айтуынша, бұдан бұрын  белгілі бір қалада тіркеусіз өмір сүру мерзімі үш ай болған, енді ол 1 айға қысқарды. Оның үстіне тіркелу заңды түрде емес болған. Алайда "Миграция туралы" заңның 51 бөлімінде  тұрғылықты жерi бойынша уақытша тіркелу заңды түрде міндеттелген.

Заңның қала сыртында тұратын студенттерге немесе басқа қалаға емделуге баратындарға қатысы бар ма?

Азаматтар оқуға, іс-сапарға немесе емделуге келсе, олардың қалада, яғни тұрғылықты жерде болу мерзімі бір айдан асатын болса тіркелуі керек.

Егер ұзақ мерзімге туысқандар немесе конақтар келетін болса олар да тіркеле ме?

Егер олар аз уақытқа келетін болса тіркелудің қажеті жоқ. "Тұрғын үй қатынастары туралы" заң бойынша туысқандар мен қонақтар уақытша отбасы мүшелері ретінде есептеледі. Бұл олардың келу мерзімі 30 күннен аспаса тіркеуден өтпей-ақ қоюына мүмкіндік береді. Ал егер олар 1 айдан аса уақыт болатын болса тіркелу тәртібін орындау қажет.

Тіркелуден бас тартқан жағдайда не болады?

Егер бір ай ішінде тіркелмеген жағдайда полиция ескерту жасайды. Көші-қон қызметі азаматтың заттарын жинауға және басқа тұрғылықты жер табуға кететін уақытын есепке алады. Алайда 30 күн өткеннен кейін тіркеу болмаса 7АЕК айыппұл салынады. Жағдай екінші рет қайталанатын болса айыппұл көлемі 13 АЕК-ке дейін (29 479 теңге) көбейеді.

Ал жалға беруші мен жалға алушы бұл тәртіпті орындамаса жалға беруші тарап та айыппұл төлей ма?

Әкімшілік санкция тұрғын үйді немесе пәтерді жалға берушіге де қатысты. Оларға салынатын айыппұл - 10 АЕК (22 690 теңге). Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлікпен үкіметтік емес ұйымдар 15 АЕК, ірі кәсіпкерлік 50 АЕК төлейді.

Көші-қон полициясы тіркелмегендерге қандай шара қолданады?

Бұл туралы әзіре белгісіз. Алайда Галина Сәрсенова заңды тексерулер 2017 жылдың 1 ақпанында басталатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өтпегендер 7 қаңтардан бастап жауапкершілікке тартыла бастайды.

Тіркелу үшін қандай құжаттар қажет?

Азаматтар тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге тұру үшін мынадай құжаттар қажет:

  • Азамат тіркелетін үй иесінің келісімі, оның жеке куәлігі;
  • тіркелетін азаматтың жеке куәлігі;
  • тұрғылықты жерге тіркелу үшін төленген мемлекеттік салық квитанциясы (227 теңге)

Похожие материалы