«Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК–лерін қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуірден бастап өз қызметін бастады. Бұл туралы ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде 522, ал екінші кезеңде 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басты ерекшелігі - барлық бизнес-үдерістерді автоматтандыру мен оңтайландыру. Біріктірілген кәсіпорындарға ХҚКО-лардың қолданысындағы қызмет көрсету мониторингі мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС- хабарлау, кедергісіз қызмет көрсету, кезекті броньдау сервисі тәрізді мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай стандарттары енгізілген.
Мемлекеттік корпорация қызметіндегі жаңалықтардың бірі - қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеуді жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгізілген ақпараттық жүйенің арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етілетін құжаттар едәуір қысқарады.
Азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі де әртүрлі араналар арқылы - қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының көмегімен, электрондық және мобильдік үкімет арқылы қаматамасыз етіледі. Сондай-ақ, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мобильді ХҚКО-лар жұмыс істейтін болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024