Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазан айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 25 738 теңгені құрады

Қазан айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 25 738 теңгені құрады
Алматы. 6 қараша. 7kun.kz - 2017 жылдың қазан айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 25 738 теңгені құрады деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі. Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы қыркүйек айымен салыстырғанда салыстырғанда 2,4 пайызға өскен. Ал 2016 жылдың қазанымен салыстырғанда 9,7 пайызға жоғарылады. Қазанда қазақстандықтар табысының 19,6 пайызын ет және балық сатып алуға жұмсаған. Сондай-ақ, шығыстардың 15,8 пайызын жеміс пен көкіністерге, 14,9 пайызды сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқағаға жұмсаған. Сонымен қатар, 13 жасқа дейінгі балалар үшін орташа күнкөріс деңгейі 22 887 теңге, 14-17 жас аралығындағы жігіттер үшін 31 998, қыздар үшін 24 518, 18-ден асқан еңбекке қабілетті ерлер үшін бір айлық көрсеткіш 30 202, әйелдер үшін 23 967, зейнеткерлер үшін 23 744 теңге шамасында.

Похожие материалы