Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұжымына ұлттық атом компаниясының жаңа басқарма төрағасы Ғалымжан Олжаұлы Пірматовты таныстырды. Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ол бұған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.
Ғ. Пірматовтың кандидатурасы компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның шешімімен бекітілген. Қор басшысы атап өткендей, Ғ. Пірматов атом өнеркәсібі саласында жұмыс тәжірибесі бар кәсіби басшы.
2009-2011 жылдар аралығында Ғ. Пірматов «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болды. 2011-2015 жылдары «Cameco Kazakhstan» тау-кен компаниясын басқарды.
«Ғалымжан Пірматов - атом индустриясында жақсы танымал жоғары білікті маман. Ол саламен жақын таныс, сондықтан компания алдында тұрған мақсат-міндеттерді толық орындап, қазір салада жүріп жатқан жүйелі реформаларды соңына жеткізе алады», - деді Ө. Шөкеев.
Айта кетейік, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Асқар Жұмағалиев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024