Экономика
«Қазгеология» мен «Қазцинк» бірлескен кәсіпорын құрды
Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - «Қазгеология» АҚ пен «Қазцинк» ЖШС 2018 жылғы 2 мамырда «АлтайГео» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құру мәселесі бойынша құрылтайшылардың жалпы жиналысын өткізді деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Жиналыс мақсаты – Шығыс Қазақстан облысында колчедан-полиметалл кендерін барлауға жобаларды (Ивановская, Приграничная, Сакмарихинско-Черноубинская және Хамирская алаңдары), сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Көкшетау алаңында алтын, мыс және полиметалдар барлауға жобаларды іске асыру. Учаскелердің жалпы алаңы 3 690 ш. км құрайды. Инвестициялардың жалпы көлемі 3,5 млрд теңгеге тең. Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру «Қазцинк» компаниясының есебінен жүргізілетін болды.
Екі компанияның арасында келіссөздер былтыр басталып, 2018 жыл жылдың жаз айларында бірлескен кәсіпорын өз қызметін бастайды. Барлау шығындарының сомасы алғашқы жылы 500 млн теңгеден астам қаржыны құрайды.
Аталмыш жобалар Риддер, Зыряновск моно қалаларының әлеуметтік-экономикалық белсенділігін қолдауға ықпал етеді.
«Қазцинк» ЖШС - Glencore International швейцар концернінің қазақстандық еншілес таукен компаниясы, онда 500-ден астам мамандық өкілдері бар 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді.