ЭКСПО-2017 құрылысы департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов қамауға алынды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне сәрсенбі күні телефон арқылы хабарланған. Агенттік дереккөзінің айтуынша, қамауға алудың нақты себебі әлі белгісіз.
"Кеше (10 маусым - ҚазТАГ) Астанада ЭКСПО-2017 құрылыс департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсенов тұтқындалды. Нақты себебі әлі белгісіз, алайда, ол әлдебір құрылыс компаниясының мүддесін қорғаған деген сөз бар. Тағы бір нұсқа бойынша, Қажымұрат Үсенов ЭКСПО-2017 компаниясына кеңесші ретінде қайта жұмысқа тұрған, алайда бұл тағайындау ресми түрде расталған жоқ", - деп хабарлайды агенттік дереккөзі. Еске сала кетейік, Қажымұрат Үсенов ұлы Мақсат Үсенов көлігімен адам қағып өлтірген соң, өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған болатын. Мақсат Үсенов 2013 жылдың 1 желтоқсанында BMW-Х6 көлігімен Алматыда Қабанбай батыр мен Масанчи көшелерінің қиылысында "Целинный" кинотеатрының алдында тұрған алты жаяу жүргіншіні қағып кетіп, біреуін өлтірген болатын. Нәтижесінде, Мақсат Үсенов 45 тәулікке тұтқынға алынып, екі жыл бойы көлік айдау құқығынан айрылған-ды. Алайда, 2015 жылдың 15 қарашасында ол Алматыдағы Гагарин және Байқадамов көшелерінің қиылысында жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota RAV4 көлігімен соқтығысады. Бұл жолы сот Үсеновты 20 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024