Алматы. 31 наурыз. 7kun.kz - Азия даму банкі Қазақстанның 2016 жылға арналған ЖІӨ өсімін 3,3%-дан 0,7%-ға дейін төмендетті. «2016 жылғы ЖІӨ өсімі 0,7%, 2017 жылы 1% деңгейінде болады деп болжануда», - делінген АДБ-ның жаңа есебінде.
«Құрылыс пен өндіріс жұмыстары 2016 жылы 1,4%-ға, 2017 жылы 4,2%-ға өседі. Құрылыс мемлекеттік тапсырыс есебінен, ал өндіріс жұмыстары мұнай көлемінің өсімі есебінен жүргізіледі. Сондай-ақ ауыл шаруашылық экспортындағы бәсекелестіктің артуына және импорттық тауарларға сұраныстың азаюына байланысты АШ өндірісіндегі өсім 2016-2017 жылы 3%-ға артады. Қызмет көрстеу секторы 2016 жылы 0,9%-ға ұлғаяды", - деп атап өтеді АДБ сарапшылары.
АДБ 2015 жылдың қыркүйек айында Қазақстандағы жалпы ішкі өнім өсімі 3,3% деңгейінде болады деп болжаған болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024