Қазкоммерцбанктың құнды қағаздары Қазақстан қор биржасында 15,1%-ға қымбаттады деп хабарлайды LS.
КАSE-нің мәлімдеуінше, банк акцияларының бағасы бұдан бұрын 247,52 теңге болса, бағаны қайта белгілеу кезінде 285 теңгеге қымбаттаған. Қазкомнан бөлек, Халық банк құнды қағаздарының бағасын көтерді. Оның баға белгіленімі 4,3%-ға өсті. Сондай-ақ, Банк Центр Кредиттің (+0,6%) және Kcellдың акциялары(+0,8%) өсті. Ал орташа қалыпты баға динамикасын «Халықтық IPO» бағдарламасының қатысушылары көрсетті. «ҚазТрансОйл» және KEGOC акциялары 0,2%-ға көтерілді. KAZ Minerals (- 6,7%) пен «Қазақтелеком» (-1,5%) акциялары қызыл алаңда қалды. KASE индексінің нәтижесі бойынша бағалар 905,91 пунктқа дейін өсті. Бұдан бұрын, 2015 жылдың 1 қарашасында Қазкоммерцбанк акциялары KASE индексі акциялар тізіміндегі өкілеттілігінен алынып тасталатыны туралы хабарланған еді. Биржа мұндай шешімді банк акциялары 2015 жылдың соңғы екі тоқсанында түсіріп кеткеннен кейін қабылдады. Банк акциялары жылдың басында 36,53%-ға, яғни 390 теңгеден 247,52 теңгеге түскен.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024