Алматы. 12 мамыр. 7kun.kz - «Қазконтент» АҚ басқармасының жаңа төрағасы болып Евгений Кочетов тағайындалды. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев хабарлады.
Кочетов Евгений Дмитриевич 1988 жылдың 22 сәуірінде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін қаржы, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде экономика магистрін тәмамдаған. «Қазконтент» АҚ «Kaztube» порталының басшысы, «Informburo», «Vlast» порталдарында экономикалық сарапшы, «Kazakhstan real estate group» басқарушы директоры, «Цесна» корпорациясы» АҚ бөлімше басшысы қызметін атқарған.
Айта кетейік, «Қазконтент» АҚ – Қазақстандағы интернет және медиасаласындағы аса ірі компания. 2009 жылы құрылған. 8 желілік жобаны, оның ішінде 4-еуі ақпараттық және 4-еуі тақырыптық жобаны: bnews.kz, bag. кz, primeminister.kz, strategy2050.kz және kaztube. кz, adebiportal.kz, el.kz, National Digital History іске асырып жатыр.
Дереккөз: BNews.kz.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024