"ҚазМұнайГаз" өңдеу және маркетинг" (ҚМГ ӨМ) АҚ 143 жанармай құю бекеттерін жеке кәсіпкерлердің қолына берді. Жеткізілу көлемі, бренді және жанармай стандарты сақталады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның мәліметінше, ҚазМұнайГаздың түрлендіру бағдарламысының аясында жанармай құю бекеттері кәсіпкерлерге берілді. Бұл шара шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жүзеге асырып отыр, бірақ бір обьектіге 3-тен артық бекет берілмейді. "Бағдарламаның негізгі басымдылығы шығындарды азайтып, жанармай бекеттерінде жанармай көлемін арттыру және компанияның ашықтығын көрсету болып отыр. Болашақта франшайзинг яғни ҚМГ брендімен аталатын жеке жанармай бекеттерін құру жөнінде жобалар ұйымдастырылады",-делінген баспасөз баяндамасында. Компанияның хабарлауынша, түрлендіру ҚМГ-ның барлық салаларына қатысты. Зауыттарда құрылғыны жаңаландырудан бөлек бизнес-процесті реинжинирингтеу бағдарламасы басталды. Оның басты мақсаты: негізгі өндірісті тоқтатып, басқа процестерді бәсекелестік ортаға шығару.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024