
Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — "ҚазМұнайГаз" жанармай бекеттерінде қысқы дизель отыны қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Компанияның сайтында қысқы дизель отынының бір литрі 212 теңге деп көрсетілген. Ал жазғы дизель отыны - 155 теңге. Helios жанармай бекеттерінің желісінде қысқы дизель отыны - 219 теңге. "Аурика" компаниясының жанармай бекеттерінде қысқы дизель отыны - 229 теңге.