Экономика
«ҚазМұнайГаздың» 2017 жылдағы таза табысы 520 млрд теңгені құрады
Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ 2017 жылғы ХҚЕС бойынша қаржы қорытындылары мен операциялық көрсеткіштерді жариялайды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша компанияның түсімі 2 459 млрд теңгеге дейін өсті. Ал таза пайда 520 млрд теңгеге жетті. Ал компанияның қарызы 1 341,4 млрд теңгені құрады. Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 23 362 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Мұнай тасымалдау көлемі 65 489 мың тоннаға дейін өссе, газ тасымалдау көлемі 100,9 млрд м
3 болды.