Экономика
Қазпочта Қазақстан халықтар ассамблеясының мерейтойына арнап марка шығарды
Елімізде Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығына орай бір маркадан тұратын пошта топтамасын шығарды. "Мерейтойлық даталар" сериясымен шыққан маркалардың номиналы - 200 теңге. Бұл жөнінде "Қазпочта" АҚ баспасөз-қызметі хабарлайды.
Қазақстан халықтар ассамблеясын құру идеясын 1992 жылы Н. Назарбаев тәуелсіздігіміздің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтары форумында ұсынған еді. 1995 жылдың 1 наурызында мемлекет басшысының Қазақстан халықтар ассамблеясын ққру туралы жарлығы шықты. Жарлық бойынша оның статусы ҚР президенті жанындағы сабағаттық-кеңестік орган ретінде бекітілді. Марка офсеттік тәсілмен төрт бояуда жасалды. Блок көлемі - 104х72 мм, марканың көлемі - 52х36 мм, тиражы бес мың дана. Дизайнын суретші Сергей Маршеев жасаған. Пошта блогы "ҚР Ұлттық банкінің банкноталық фабрикасы" мемлекеттік кәсіпорнында жасалған.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024