"Қазпочта" АҚ құны 20 млн теңгеден астам "мобильді postman" сервисін ендіреді деп хабарлайды "Қазпочта" басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
"Мобильді postman" – бұл арнайы құрылғы, ол арқылы біздің пошташыларымыз өз төлемдерін ала алады", - деп түсіндірді Б.Мусин бейсенбі күні Алматыда өткен пресс-конференцияда.
Осылайша пошта операторы жіберілетін заттардың үйге дейін жеткізу қызметін ендірмек.
"Яғни, біз тауарды үйге дейін жеткіземіз, дәл сол жерде ақшаны алып, дәл сол жерде біздің мобильді құрылғымыз арқылы түбіртекті басып шығарамыз", - деп мәлімдеді "Қазпочта" басқарма төрағасы.
Бір аппараттың бағасы – 130 мың теңге, қазіргі кезде компания 465 құрылғыны сатып алған.
"Интеграцияға және біздің ақпараттық жүйемізді жетілдіруге 20 миллион жұмсалды" – деп нақтылады Б.Мусин.
Бұған қоса, пошта байланысының операторы 2015 жылдың аяғына дейін Қазақстан аумағында шамамен 100 постоматты - түрлі көлемдегі ұяшықтары бар терминал ретінде келген автоматтандырылған пошта станцияларын орнатпақ. Постоматқа жүктеу мен одан алу сенсорлық экранда енгізілетін рұқсат кодтары арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте алушыға рұқсат коды бар жеткізілу туралы хабарлама SMS-пен келеді.
Б.Мусин екі сервис те қазақстандық электрондық коммерция нарығын дамытуға бағытталғандығын атап өтті. 2013 жылы "Қазпочта" интернет арқылы тапсырыс жасалынған 4,5 млн тауар жеткізілімдерін атқарған. 2014 жылы - 6 млн тауар, 2015 жылы компания бұл көрсеткіштің 15%-дық өсімін топшылап отыр.
"Қазпочта" - пошта және қаржы қызметтерінің барлық түрлерін ұсынатын Қазақстан аумағындағы пошта байланысының ұлттық операторы. Компания "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының құрамында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024