"Қазпочта" газеттер мен сәлемдемелерді жеткізуге арналған дрондарды маусым айында тест сынақтардан өткізе бастайды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"Дрондар жету қиынға түсетін және аз адам тұратын шалғай (кемінде 100 км) аймақтар үшін пайдаланылатын болады. Нақты аймақтарды біз осы жылдың үшінші тоқсанының басында анықтаймыз", - деп түсіндірді компаниядағылар. Бұл ретте "ұшатын шабармандардың" саны және оларды ендіру үшін қажетті қаражаттың көлемі сынақтық пайдалану қорытындысы бойынша анықталады. Айта кетелік, "Қазпочта" басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, ұшқышсыз бұл құрылғылар басылымдардың шалғай аудандарға жеткізілу мерзімін сегіз күннен үш күнге дейін қысқарта алады. "Бүгінгі таңда әлем бойынша газет пен журналдарды жеткізу үшін дрондарды - мобильді ұшқышсыз үшатын аппараттарды пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда. Біз де бұл идеяны қарастырып жатырмыз және сынақ түрінде енгізіп көрмекпіз. Осының арқасында газеттерді қысқа мерзімде жеткізуге болады", - деп мәлімдеді Б.Мусин.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024