Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ 2020 жылға дейін 1 700 жұмыс орнын ашады

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ 2020 жылға дейін 1 700 жұмыс орнын ашады

Ақтау. 21 мамыр. 7kun.kz - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «Маңғыстау облысының 2015-2020 жылдарға арналған газ тарату желілерінің жаңа құрылысы мен модернизациясы» инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыра отырып, 2020 жылға дейін 1 700 жұмыс орнын ашатын болады. Бағдарламаның инвестиция көлемі шамамен, 24 млрд теңгені құрайды.

Маңғыстау облысы бойынша газ құбырының ұзындығы 2 690 шақырым. Оның басым бөлігі жер үстінде болса, 400 шақырымға жуығы жер астында.

«Газ құбырларының 40 пайызының тозығы жеткен. Құбырлардың шамамен, 2,5 мың шақырымы 20 жылға таяп қалса, қалғандарына тіпті 20-40 жыл болған. Газ құбырларының жылдам тозуы жер асты құбырларының 40 пайызға жуығы электрохимиялық қорғанышсыз пайдаланылып келеді. Газ реттеу бөлімшелерінің жартысын жөндеу немесе алмастыру керек», - дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарушы директоры Ержан Жексембинов.

Похожие материалы