Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz - «ҚазТрансГаз» АҚ төрелік Грузия үкіметінің үстінен сотқа талап-арыз түсірді. Ондағы мақсат «ҚазТрансГаз-Тбилиси» (ҚТГТ) еншілес компаниясын өзіне қайтарып алу.
«ҚазТрансГаз» сотқа арыз тастап қойды, қазір іс қаралып жатыр. Төрелік процесс ұзақ уақытқа созылады және ол «ҚазТрансГаз-Тбилиси»мәселесімен байланысты. Мүмкін келісіп бір шешімге келерміз, мүмкін әрі қарай жалғастырамыз. Мұны дәл қазір айта алмаймын», – деді ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.
Global Arbitration Review ақпаратына жүгінсек, талап-арыз 180 млн долларға жасалған. «Нақты айта алмаймын. Бұл арызды ҚТГ жасады, мен тек арыз жасалғаны туралы фактінің бар екенін білемін, ал нақты соманы білмеймін», – дейді ҚМГ басшысы.
Еске салсақ, 2016 жылдың наурыз айында «ҚазТрансГаз»-ға грузин инвесторынан ҚТГТ-ны 100% сатып алу туралы ұсыныс жасалды. Келісім 2016 жылдың қыркүйегінде жасалады деп жоспарланған.
Алайда, Сауат Мыңбаевтың айтуынша, сатып алу процесі аяқталмаған, келісім жасалмай қалған. «Сатып алушының болғаны рас. Шындығына келер болсақ, бұл активті сату оңай болмайды. Өйткені оның шығыны көп. Бірақ та соған қарамастан,бұл біздің актив. Сондықтан ол үшін күресеміз», - деді ол.
Дереккөз: abctv.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024