Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Fitch ҚазТрансГаздың рейтингісін «BBB-» дейін көтерді

Fitch ҚазТрансГаздың рейтингісін «BBB-» дейін көтерді

Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz — Бүгін Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚТГ) және оның 100 пайыздық еншілес компаниялары - «Интергаз Орталық Азия» АҚ (ИОА) және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ - шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) «BB+» деңгейінен «BBB-» деңгейіне дейін көтерді; рейтингтер бойынша болжам – «тұрақты». Бұл туралы «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұлттық ұзақ мерзімді басымдықты қамтамасыз етілмеген рейтинг «AА(kaz)» деңгейінен «AA+(kaz)» деңгейіне дейін артқан. "Интергаз Орталық Азияның" кепілдігімен басымдықты қамтамасыз етілмеген облигациялар: «BBB-(EXP)».

Fitch "ҚазТрансГаз", "Интергаз Орталық Азия" және "ҚазТрансГаз Аймақ" арасындағы заңдық, операциялық және стратегиялық топішілік байланысты күшті деп бағалайды, сондықтан екі еншілес компанияның рейтингі «ҚазТрансГаз» "BBB-" рейтингімен бір деңгейде тұр.

Алда жоспарланып отырған «ҚазТрансГаз» облигацияларына "Интергаз Орталық Азия" кепілдік беретін болады. Облигациялардан түсетін түсімдерді «ҚазТрансГаз» қарыздарды қысқартуға және жалпыкорпоративтік мақсаттар үшін пайдаланатын болады.

«ҚазТрансГаз» және оның еншілес компанияларының милиондаған тұтынушыларға, үй шаруашылықтарына және ондаған мың өнеркәсіптік тұтынушыларға тауарлық газ жеткізе отырып, Қазақстанда маңызды әлеуметтік функцияларды орындауы негізгі рейтингтік факторлар болып табылатыны көрсетілген.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы