ҚазТрансОйл (ҚТО) компаниясының Қазақстандық қор биржасындағы акцилары 10,3%-ға арзандады. 27 мамырдағы сауда қорытындысы бойынша, 846 теңгеден 759,20 теңгеге дейін түсті деп хабарлайды LS. "Асыл-Инвест" инвестициялық компаниясының сараптама департаментінің директоры Айвар Бәйкеновтың сөзінше, компанияның баға белгіленімі акционерлердің тізілімін тиянақтағаннан кейін төмендеген.
Сарапшының атап өтуінше, құнды қағаздар дивидендтер көлеміне қарағанда азырақ құлдыраған. "Қағаздарын сақтап қалғандар ұтады. Компанияның құнды қағаздары қазіргі кезде қажетті деңгейінде бағаланбағандығын атап өткім келеді. Алдағы бірнеше ұжымдық жағдайдлар баға белгіленімінің өзгеруіне ықпал етуі қажет", - деп есептейді ол. Оның пікірінше, жалпы алғанда отандық қор нарығы негізгі институционалды ойыншы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) әрекетіне тәуелді болады. Сарапшы осындай жағдайдан кейін KEGOC акцияларының 6%-ға қымбаттап, шығынның көп бөлігін қайтарып алғандығын атап өтті. Ол процесте БЖЗҚ-ның қатысумен өткен. "KEGOC жағдайында акциялардың нарықтық қозғалысы туралы айтуға келмейтін еді. Ал қазір сәтсіз жарияланымдарды қалпына келтіру үшін барлығын жасап жатыр. ҚТО-да көтерме инвесторлардың белсенді саудасын байқауға болады. Барлығы да қағаздардың қозғалысын түсініп отыр", - деп мәлімдеді А.Байкенов. Сарапшының бағалауынша, инвесторлар тіркеуден кейін KEGOC-тегі тәрізді қағаздар құны қымбаттайды деп күтудің қажеті жоқ. Алдағы 3 аптада баға белгіленімі 750-800 теңге аралығында болуы мүмкін.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024