Алматы. 2 қараша. 7kun.kz – 1 жылда (2018 жылғы қазан 2017 жылғы қазанға) азық-түлік тауарларының бағасы 4,7%-ға өсті, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Нан, ұн, макарон, тоқаш және ұн өнімдері, ет және ет өнімдері, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, қант, кондитерлік өнімдер, жемістер мен көкөністер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жармалар арзандады.
Жарма өнімдері тобында бағаның әр бағытта өзгеруі белгіленді. 2018 жылғы қазанда күрішке орташа бағасы 2017 жылғы қазандағы килограмына 289 теңгеге қарсы 314 теңгені, ал қарақұмық жармасы сәйкесінше 337 теңгеге қарсы 248 теңгені құрады.
2018 жылғы қазанда сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1585 теңгені (өткен жылғы тиісті кезеңде – 1462 теңге), қаймаққа – 1047 теңгені (967 теңге), мәйекті ірімшікке – 2461 теңгені (2189 теңге), айранға – 282 теңгені (266 теңге), пастерленген сүтке 222 теңгені (211 теңге) құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024