Алматы. 9 маусым. 7kun.kz - Алматылық тұрғындар жыл сайын шетелде емделіп келуге 400 млн доллар жұмсайды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек "Шипажай-2016" форумында мәлімдеді.
Оның сөзінше, мұндай мәліметтер Хопкинс атындағы америкалық клиниканың тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеуде белгілі болған және бұл қала тұрғындарының арасында Қазақстандағы сапалы медициналық қызметке сұраныстың жоғары екенін білдіреді. Сондай-ақ, қала басшысы елімізде көрсетілетін медициналық қызмет сапасы шетелдік аналогтардан кем түспейтінін және инвесторлар қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
"Қаламызда 50-ге жуық шипажайлық-курорттық емдеу орындары бар. Олардың 40-ы жеке орталық. Бұл өте тиімді бағыт. Хопкинс клиникасының жетекшісі келді. Ол қаламызда клиникалық база ашып, оқыту жөніндегі академия ашуға ниетті. Яғни инвестор бар. Тіпті жақында келген испаниялық инвесторлар да клиникалық база ашуды жоспарлайды. Арабиялық салымшылар да қызығушылық танытып отыр", - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024