Алматы. 7 шілде. 7kun.kz - Бүгін «Хабар», BBC және EURONEWS телеарналарында «Алтын жауынгер» атты жаңа деректі фильмнің телевизиялық тұсаукесері өтеді. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы мен «BBC WorldNews» телеарнасы түсірген.
- «Қазақфильм» 2017 жылы жиырмадан астам ғылыми-танымал деректі фильмдер түсірген. Олардың қатарында «Алтын жауынгер» және «Қожа Ахмет Ясауи мен Айша бибі кесенелері» атты фильмдер бар. Аталған фильмдердің өндірісіне отандық және 451 млн. көрермені бар шетелдік беделді «BBC WorldNews» телеарнасының мамандары тартылған. Бұл фильмдер қазақстандық және шетелдік телеарналарда көрсетілетін болады, – деді «Қазақфильм» киностудиясының бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов.
Фильмдердің түсірілімдері 2017 жылдың қыркүйек айында «Қазақфильм» киностудиясының территориясында және Есік, Үшқоңыр, Түркістан, Қапшағай қалаларында өткен. Фильмге Оңдасын Бесикбасов, Нұрлыбай Есімғалиев, Шұғыла Сапарғали, Аян Өтепберген, Динара Бақтыбаева, Фариза Ескермес және басқалар түскен.
Аталған фильмдер «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында түсірілген. Эксперттердің пікірінше фильмдер Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджіне өз үлесін қосады, сонымен қатар еліміздің бай тарихы мен көрікті географиясын танытады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024