Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Бәйтерек" холдингінің жеке есебінен инновациялық жобаларға қаржы бөлінеді

"Бәйтерек" холдингінің жеке есебінен инновациялық жобаларға қаржы бөлінеді

Астана. 26 қараша. 7kun.kz – “Бәйтерек” Ұлттық басқарушы холдингі 2017 жылдан бастап жеке қаражатынан инновациялық жобаларды қаржыландырады. Бұл мемлекет қаржысынан берілетін гранттан бөлек болады, деп мәлімдеді холдингтің басқарма төрағасы Ерболат Досаев.

“2017 жылдан бастап холдингтің жеке есебінен инновациялық жобаларға қаржы бөлеміз. Қаражат таза табыс бойынша жобаларды қолдау көлемін арттыру үшін жұмсалады. Бұл мемлекеттік тапсырыс аясында инвестиция және даму министрлігінен алып отырған гранттық қаражаттан бөлек болады”, – деді Е.Досаев Астанада өтіп жатқан XI Инновациялық конгресс кезінде.

Алайда ол иноовациялық жобаларға бөлінетін қаражат көлемі қанша екенін нақты айтқан жоқ. "Біз гранттардың құрылымын өзгертеміз деп шештік. Яғни біз алдымен грантты, содан кейін барып холдинг атынан жобаларды қаржыландыруға қосымша қаражат береміз. Қазіргі уақытта бюджетті нақтылап жатырмыз. 15 желтоқсанға дейін шешім қабылданады", - деді холдинг басшысы.

Похожие материалы