Экономика
"Бәйтерек" ұлттық холдингі мен ҰКП ынтымақтастық туралы келісімге келді
"Бәйтерек" ұлттық холдингі мен Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) ынтымақтастық турасындағы келісімге қол қойды деп хабарлайды ҰКП баспасөз қызметі.
Құжат осы ұйымдардың қаржылық-инвестициялық қызметтегі ынтымақтастықты, кәсіпкерлік пен иннновацияларды қолдауды, жекеше-мемлекеттік әріптестіктің (ЖМӘ) дамуын меңзейді.
Сонымен қатар құжат ҰКП өкілдерінің қаржылық және инвестициялық ұйымдардың директорлар кеңесіне қатынасуды қарастырады. Бұл ұйымдардың қатарында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ, "Қазақстанның инвестиция қоры" АҚ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, "Бәйтерек девелопмент" АҚ, "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ (ТДҰА) және "ҚазЭкспортКепіл" АҚ.
"Қалыптасқан экономикалық жағдайларда бизнес банк несиелеріне сүйенбейді. Қазіргі кезде қол жетімді қаржыландыру тек мемлекетпен бөлінетін қаражаттан болуы мүмкін, бұл 1 триллион теңге және бұған келіп даму институттарындағы қаражат қосылады", - деп мәлімдеді ҰКП президиумының төрағасы Тимур Кулибаев.
ҰКП инвестициялар жөніндегі жобаларды және қарыз қаражатты немесе мемлекеттік қолдауды талап ететін жобаларды "Бәйтерек" қарауына ұсынуға ниетті. Палата кәсіпкерлерді "Бәйтерек" ұлттық холдингі іске асыратын ЖМӘ-нің жоспарланған жобалары туралы хабардар ететін болады, ЖМӘ-нің заңнамалық және институттық дамуы жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.
"Бәйтерек" ұлттық холдингі 2013 жылдың мамырында құрылған. Холдинг жасақталуының мақсаты: экономиканың дамуына және әртараптандырылуына ықпал ету, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның үлестес компанияларында корпоравтивтік басқару жүйесін жетілдіру.