«Бәйтерек» ұлттық холдингі орта бизнес кәсіпорындарын қолдау туралы бағдарламаны жүзеге асыруда
«Бәйтерек» ұлттық холдингі орта бизнес кәсіпорындарын қолдау туралы бағдарламаны жүзеге асыра бастады,-деп хабарлайды ұлттық холдингтің баспасөз қызметі.
«Бағдарламаның басты ерекшелігі – қағидатқа сай жұмыс істеу». Кәсіпкер бізге келеді, өтініш береді, оның өтініші қаралады және қабылданған жағдайда оған холдингтің еншілес ұйымдары арқылы жобаны жүзеге асыруға арналған бір жолғы қолдау көрсетіледі", - дейді «Бәйтерек» ұлттық холдингінің стратегиялар департаментінің директоры Дәурен Сәбденов.
Ұлттық холдингтің ақпараттарына сүйенсек, бағдарламаға өз өнімдерінің экспорттаушылары бола алатын тұрақты қаржылық көрсеткіштері, үдемелі даму динамикасы бар орта бизнес кәсіпорындары қатыса алады. Бөлімдер арасында экономикалық басымдылық көлікқұрастыру, тамақ өндіру және құрылыс тауарларын өндіру өнеркәсібіне беріледі.
Бағдарлама холдингтің еншілес құрылымдары арқылы жүзеге асады - олар, "Қазақстанның Даму банкі, «Даму» Қоры, «Қазына каитал менеджмент» АҚ, Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік(ТДЖҰА), «Қазэкспортгарант» АҚ. Әрбір «еншілес» құрылым бағдарламаның жүзеге асуы үшін өз мүмкіндіктерін ұсынады.
Ұсынылған мүмкіндіктер арасында – тікелей несиелендіру, лизингтік келісімдерді қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, несиеге кепілдік беру, экспортты сақтандыру, экспорт алдындағы қаржыландыру және саудалық операцияларды қаржыландыру, инновацияларға грант бөлу бар.
Бағдарлама жүзеге асқан жағдайда аймақтық және әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетті компания құру және шикізаттық емес экспортты дамыту мен импорттың орнын басу жоспарланған. Одан бөлек, еңбек өнімділігін, салықтық түсім мен ЖІӨ өсімін жоғарылататын жоғары технологиялы және энергетикалық тиімді өндірістердің дамуына жол ашу жоспарға қойылған.
«Бәйтерек» Ұлттық холдингі 2013 жылдың мамырында құрылған. Холдингті құрудағы мақсат - экономиканың дамуына және әртараптандырылуына жәрдемдесу, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту және еншілес ұйымдардағы корпоративті басқару жүйесін жетілдіру.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024