Алматы. 19 шілде. 7kun.kz - Батыс Қазақстан облысында инвестиция тарту бағдарламасы бойынша 11 жоба іске қосылады. Бұл туралы 24.kz. хабарлады.
Аталған облыста индустрияландыру картасы бағдарламасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 10 пайызға өсіп, 71 миллиард теңге табыс тапты. Оның қатарында экспортқа бағытталған және импорт алмастырушы кәсіпорындар жетерлік. Мысалы, құны 1,6 миллиард теңге болатын макарон фабрикасы іске қосылған кезде облыстың ішкі сұранысын өтеумен қатар, дайын азықты шет мемлекеттерге шығаруға мүмкіндік туады.
"Біздің мақсатымыз – Қазақстанға қажетті сұранысты толығымен қамтамасыз ету. Облыстың жылдық сұранысының көлемі 150 мың шаршы метр. Ал біз жылына 500 мың шаршы метрге жуық өнім өндіретін боламыз. Егер осы жоба сәтті жүзеге асса, өнімдерімізді экспортқа шығара бастаймыз", - деді өндірістік кәсіпорынның атқарушы директоры Василий Балакирев.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024