2015 жылы АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарына қайырымдылық ретінде 40,3 млрд доллар берілген. Қаржының ең көп бөлігі Стэнфорд және Гарвард сияқты бай университеттерге ұсынылған. Бұл туралы Council for Aid to Education коммерциялық емес ұйымның есебіне сілтеме жасап, The Wall Street Journal хабарлайды.
Осыған байланысты ең ірі бай ЖОО мен қарапайым оқу орындарындағы айырмашылық ұлғайып келеді. Ең ірі 10 университет жалпы қайырымдылық қаржысының 18%-ын иеленген. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрын - 17,5%-ды, он жыл бұрын — 16,1%-ды құраған.
Ең көп қайырымдылық қаржысын Стэнфорд университеті алған. 2015 жылдың 31 тамызындағы есеп бойынша, оқу орнына 1,6 млрд доллар бөлінген. Бұл қаржы жылында 1,05 млрд доллар алған Гарвард университетін тағыда басып озуға мүмкіндік берді. Бұған дейін Гарвард Стэнфордты тек 2014 жылы ғана басып озған болатын.
Осылайша, 2015 жылы бөлінген қайырымдылық қаржысы 7,6%-ға өскен. Ал ерекше жомарт жарна саны 100 млн долларға көтерілеген.
Фото: kommersant.ru
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024