Б.Сағынтаев Жамбылдағы төтенше жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды
Астана. 18 ақпан. 7kun.kz - Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қорғаныс министрі С. Жасұзақов пен ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты есептерін тыңдады.
Министр С. Жасұзақов оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты қабылданған шаралар туралы есеп берді. Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғаны тексеруге байланысты Үкімет комиссиясын құруды тапсырды.
"Үкімет басшысы төтенше жағдайды тексеру үшін Үкімет комиссиясын құруға тапсырма берді. Министр Сәкен Жанұзақов оқиға орнына ұшып бару қажет. Тергеу барысы Сағынтаевтың жеке бақылауында", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 17 ақпанда кезекті Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында 91678 әскери бөлімінің әскери дайындық бойынша кезекті жаттығуы өтіп жатқанда кенеттен қар көшкіні болған. Дайындыққа барлығы 23 адам қатысқан.
Қазір Көксайдағы іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, 7 адам қайтыс болды. Іздеу жұмыстарына әскери күштердің жауынгерлері, Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінің оперативті тобы, шекара қызметінің арнайы техникадағы әскерилері қатысты.
Министрлік қайтыс болғандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024