Астана. 16 қаңтар. 7kun.kz - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевтың тұтқындалғаны туралы хабарлады. Астана қаласы, Есіл ауданының соты енгізген санкцияға байланысты Майлыбаев 2 айға қамауға алынды.
"2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген («Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету») қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б. Майлыбаев және Н. Галихин ұсталды" делінген хабарламада. 14 қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынды. Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды. Тергеп-тексеру жалғасуда, оның барысы және нәтижелері жөнінде қосымша хабарланатын болады. Айта кетейік, 12 қаңтар күні Бағлан Майлыбаев аталған қызметтен босатылып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Марат Тажин осы қызметке келді. 41 жастағы Бағлан Майлыбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. 2000 жылдардың басында "Казахстанская правда" президенті болды. Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі, мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінде жұмыс істеген. 2011 жылдан бері Қазақстан Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024