Астана. 1 шілде. 7kun.kz - Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы KASE биржасының сайтында жазылды.
Бұл шешімді 2017 жылы 27 маусымда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жалғыз акционер ретінде шешім қабылдады.
Директорлар кеңесінің төрағасы болып бұған дейін премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған Асқар Мырзахметов тағайындалды. Ал кеңес мүшелігіне ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов, ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, "Қазақстан даму банкі" АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев және "ҚазАгро" холдингі" АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Мәлелов. қабылданды.
Тәуелсіз директорлар құрамында Жанна Егімбаева, Асқар Елемесов, Ораз Жандосов және Нұржан Әлтаев бар.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024