Алматы облысы. 28 сәуір. 7kun.kz - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына барды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Үкімет басшысы сапар барысында Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттердің жүзеге асырылу барысымен танысады. Сонымен қатар сапар мақсатының бірі - Үкіметтің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарып жатқан жұмыстарын түсіндіру. Бүгін Б.Сағынтаев ауыл шаруашылығы және индустриалдық кәсіпорындарға, инфрақұрылымдық нысандарға, білім және медицина мекемелеріне барып, аймақтағы қоғам өкілдерімен және бизнес-қауымдастықпен кездесті. Бірінші кезекте Бақытжан Сағынтаев Талдықорған қаласындағы әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі қызметінің жұмысын тексеріп, ұшу-қону жолағына, аэровокзал ғимаратына жүргізілген реконструкциялау мен әуежайдың жаңа авиарейстерді дамыту бойынша перспективалары туралы баяндаманы тыңдады. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министріне аймақтың туристік әлеуетін арттыру мақсатында Үшарал қаласында салынып жатқан аэровокзал құрылысы туралы баяндалды. Қазіргі кезде Талдықорған әуежайында жылына 26 мың жолаушыға қызмет көрсетіліп, 600 авиарейс ұшырылады. Әуе айлағының қазіргі аэродромдық мүмкіндіктері Boeing-757, Ил-76, ТУ-134, Челленджер-850, АН-24, ЯК-40 типіндегі ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Талдықорғанның әуе айлағы Жетісудың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет астанасына қатынап жатқан рейстермен қатар, мұнда ел өңірлеріне бағытталған әуе қатынастары да даму үстінде. Жақын арада Өскемен мен Ресей Федерациясының қалаларына әуе рейстері ашылады. Өңірішілік маңыздағы дамыған бағыттарды есепке ала отырып, жаппай демалыс орындарына – Алакөл көліне – бұл Қазақстанның өзге облыстары мен көрші елдерден туристердің көптеп келуіне мүмкіндік береді. primeminister.kz сайтының хабарлағандай Бақытжан Сағынтаевтың Қазақстан аймақтарына сапары жалғасуда. Бұған дейін ол Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарын аралады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024