Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

Ақтау. 26 қазан. 7kun.kz - Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, өңірдегі кәсіпорындардың жұмысымен танысады. Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесі мүшелерімен кездесу өткізіледі.

Сондай-ақ, премьер-министр облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы кеңейтілген отырысқа қатысады деп күтіліп отыр.

Облысқа келгеннен кейін, Бақытжан Сағынтаев Ақтаудың шағын ауданында «Жаңа серпін» бағдарламасымен салынған  жатақхананы аралады.

Кейіннен "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған "Сопи Мед Групп" көпсалалы емхананың жұмысын көрді. 2017 жылдың басынан емханада 800-ден аса науқас стационарда емделсе, 52 мыңға жуық адам түрлі медициналық көмек алған.

Похожие материалы