Еуроаймақ Грекияның валюталық блоктан шығу кезеңін айрықша проблемаларсыз өткізуі мүмкін деп мәлімдеді миллиардер әрі инвестор Уоррен Баффет.
"Егер Грекия еуроаймақтан шығатындай жағдай болып жатса, еуро үшін бұл соншалықты жағымсыз оқиға болмауы да мүмкін. Валюталық блок елдері ережелердің сақталу маңыздылығын ұғынса және бюджеттік саясат мәселелерінде консенсусқа келсе жақсы болар еді", - деп мәлімдеді ол CNBC телеканалына берген сұхбатында.
Грекия қаржылық көмек бағдарламасына қатысты халықаралық несиегерлермен күрделі келіссөздер жүргізуде. Несиегерлер экономика саясаты мен мемлекеттік шығындарды қысқартуды жалғастыруды талап етсе, жақында сайланған Грекияның жаңа үкіметі ел экономикасын қолдау мақсатында мемлекеттік шығындарды арттырғысы келіп отыр.
Егер келіссөздер сәтті аяқталмаса, үкіметтің қаржысы жақын арадағы таусылуы мүмкін, бұл дефолттың себебі болып, ел еуро аймақтан шығып қалуы ықтимал.
"Бірыңғай валюта енгізілген кезден-ақ оның құрылымдық проблемалары туралы айтқан едім, бірақ бұл еуро құлайды дегенді білдірген емес. Құрылымдық проблемаларға бейімделуге болады, бірақ кей ел бұлай істей алмай, валюталық блоктан шығып қалуы ықтимал. Еуроаймақтың қазіргі құрамы өзгермейді деп ойламаңыз", - деді У.Баффет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024