Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бағдат Мусин «Зерде» холдингін таратып жіберуді ұсынды

Бағдат Мусин «Зерде» холдингін таратып жіберуді ұсынды

Нұр-Сұлтан. 15 шілде. 7kun.kz – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Зерде» холдингін таратып жіберуді ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Зерде» тобын реформалау бойынша жұмыс 2022 жылдың басында басталды. Оның бірі жүйелік интегратордың қызметіне Цифрлық үкіметті қолдау орталығы жауап берді.

Министр инновацияларды дамытудың бірыңғай экожүйесін құру мақсатында QazInnovations агенттігі мен Astana Hub технопаркін бір ұйымға, яғни «Инновациялық технологиялар паркінің» құрамына біріктіру арқылы оңтайландыруды ұсынды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ-ны тікелей Цифрлық даму министрлігінің қоластына беріп, «Зерде» холдингін таратып жіберу ұсынылады», – деді Мусин.

Оның айтуынша, холдингтің жобаларды іске асыру бойынша тиісті материалдарын құзырлы органдар қарап, зерделейді.

Похожие материалы