Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Бәйтерек» монументіне жыл басынан бері 500 мың турист келген

«Бәйтерек» монументіне жыл басынан бері 500 мың турист келген

Алматы. 30 қазан. 7kun.kz – Қазақстанның ең басты көрнекті орны туристер көп келетін объект ретінде қалып отыр, - деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Алдын ала есеп бойынша қаңтар-қыркүйекте «Бәйтерек» монументіне 469 392 адам келген, оның ішінде 800 – шетелдік.

Жазғы кезеңде монументке 4 мыңға жуық, ал қысқы кезеңде – 1 мыңнан 1,5 мың адамға дейін келеді.

«Бәйтерек» монументі 2002 жылы орнатылды. Кешеннің биіктігі 100 метр, конструкцияның дөңгелек шары — 105 метр. Шардың диаметрі 22 метр.

Похожие материалы