Қазақстанның мобильді операторлары 4G-ді іске қосу үшін жүйелерін жаңаландыруға дайын деп хабарлайды LS. Осыған дейін телекоммуникациялық нарықта байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің 4G жүйені (LTE) іске қосу үшін мобильді операторларға лицензия бөлетіндігі туралы хабарланған еді.
Kcell нарық қатысушыларының болжамдарын растай отырып, 4G-ді 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосатындығын мәлімдеді. "Қазіргі жиіліктерге LTE-ні қосып, байланыс сапасын қамтамасыз ету үшін мұқият түрде жоспарлау қажет. Адағы уақытта осыған мән беретін боламыз. Мұны қаншалықты деңгейде орындайтынығымыздан 4G қызметінің сапасы байқалады. Kcell жаңа жүйені 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосады", - деп мәлімдеді Kcell-дің ақпаратты-коммуникациялық технологиялар департаментінің директоры Рикард Слунга.
«Tele2 Қазақстан» мобильді операторы жаңа технологияны қолдануға берілетін лицензия туралы нақты шешім 2015 жылдың мамырының ортасына дейін қабылданады деп есептейді. "Біз жиілік диапазонының жартысын бөле отырып, LTE-ні іске қосуға дайынбыз. Жүйені кеңірек тарату үшін қосымша жиіліктер қажет болады. Жүйенің барлық элементтеріне салмақ түседі, бірақ абоненттердің HD пішіміндегі видео тәрізді контенттерді пайдалануға мүмкіндіктері болады. Tele2 құрылғыларының жартысы жаңаландыруды талап етеді, басқа элементтер толығымен ауыстырылады", -деп атап өтті «Tele2 Қазақстанның» техникалық директоры Ержан Байтұғанов. Сондай-ақ ол егер лицензиялау операторларды 500 адамнан артық тұрғындары бар елдімекендерді де қамтамасыз етуге міндеттсе, оларға шығын келуі мүмкін екендігін де атап өтті.
«Beeline Қазақстан» да реттеуіштің ресми рұқсатынан кейін 4G/LTE технологиясын іске қоспақ екендіктерін мәлімдеді. "Компанияның өз өнімдеріне жаңа технологияны қосуға мүмкіндік беретін барлық жиіліктері бар. Бізде үлкен технологиялық және маркетингтік, коммерциялық жұмыс жоспарланған. Жүйені, құрылғыларды және мамандарды дайындау қажет. Рұқсат берілісімен біз бұл мүмкіндікті іске асыруға тырысамыз", -деп хабарлайды оператордың баспаөз қызметі.
Айта кетейік, осыған дейін байланыс операторларының өз қызметтерін 4G жүйелерінде ұсыну мүмкіндіктері қарастырылатыны туралы хабарланған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024