«Бәйтерек» холдингі мен «Даму» Қоры 300-ден аса тауар өндірушінің басын қосты
Астанада «Қазақстанда жасалған» атты көрме өз жұмысын бастады. Көрмені «Бәйтерек» холдингі мен «Даму» Қоры ұйымдастырып отыр. Елордадағы «Көрме» орталығында «Бәйтерек» холдингі мен «Даму» Қорының мемлекеттік қолдауын көрген отандық өндірушілер бас қосты. Бұл туралы "Даму" қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Галереяда Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 300-ден астам компания өз өнімдерін қойған. Олардың қатарында тамақ, құрылыс саласы мен жиһаз, киім, арнайы құрал-жабдық, зергерлік бұйым, кәдесый мен баспа өнімдерін шығарушылар бар.
2010 жылдан бастап «Даму» Қоры 20 мыңнан астам (20 604) кәсіпкерге қаржылай көмек көрсетті. Қаржылық емес, оқыту түрінде 82,5 адам қолдау көрсе, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 347 мың адам тегін кеңес алған.
2010 жылдан бері кәсіпкерлерге 2,3 трлн теңгенің несиесі берілген. Кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктер арқылы алған әрбір 12-ші несиесін «Даму» Қоры берген.
Бүгінгі күні қаржылық операторы «Даму» Қоры болып табылатын «Бизнестің жол картасы 2020» Біріңғай бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 7 329 компания қол жеткізді. Жалпы несие қоржыны 1 трлн 406 млрд теңгені құрады. Қор 122 млрд теңгенің субсидиясын төледі.
«Даму» Қоры 2010 жылдан бері кәсіпкерлерге құны 71 млрд теңге болатын 1 869 кепілдеме берген.
Берілген несиелер сомасы бойынша көш басындағы өнеркәсіп салалары:
2010 жылдан бергі барлық бағдарламалар бойынша берілген несиелердің жалпы сомасының 51 пайызын өңдеу өнеркәсібі саласы құрайды. Яғни, «Даму» Қорының екінші деңгейлі банктерге берген әрбір екінші теңгесі өңдеу өнеркәсібіне жұмсалып отырған.
2010 жылдан бергі барлық бағдарламалар бойынша берілген несиелердің 15 пайызын сауда саласы құрап отыр. «Даму» Қорының қаржылық бағдарламалар аясында бөлген әрбір алтыншы теңгесі сауда саласындағы жобаларға жұмсалған.
2010 жылдан бергі барлық бағдарламалар бойынша берілген несиелердің 11 пайызын көлік пен қоймаға сақтау саласы құрады. Бұл – әр тоғызыншы теңге.
Берілген несиелер бойынша көш басында тұрған өңірлер:
Алматы қаласы - 2010 жылдан бергі барлық бағдарламалар бойынша берілген несиелердің 12 пайызы; ОҚО - 2010 жылдан бергі барлық бағдарламалар бойынша берілген несиелердің 10 пайызы; Алматы облысы - 2010 жылдан бергі барлық бағдарламалар бойынша берілген несиелердің 9 пайызы;
Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру - кәсіпкерлер арасында жоғары сұранысқа ие болып отыр. «Даму» Қорының қаржылық бағдарламалар аясында бөлген әрбір екінші теңгесі ЕДБ арқылы жеңілдікпен несиелендіру жобаларына берілген.
Көрмеде «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин мен «Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Азамат Ойнаров әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. Құжат бойынша «Даму» Қорының несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, несиеге кепілдік беру, ЕДБ арқылы жеңілдікпен несиелеу секілді құралдарын пайдала отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын қаржыландыру тетіктерін дайындап, енгізуді көздейді. «Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» жергілікті атқарушы билік органдарына аталған орталық жобаларын жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай қолдау үшін бюджет қаражатын бөлу мәселесін қарастырмақшы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024