Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Bala Turkvision Қазақстан" байқауының Алматыдағы жеңімпазы анықталды

"Bala Turkvision Қазақстан" байқауының Алматыдағы жеңімпазы анықталды

2015 жылдың 8 шілдесінде Алматы қаласында Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында "Bala Turkvision Қазақстан" Халықаралық балалар әні байқауының Ұлттық іріктеу кезеңі өткізіліп, аймақтық жеңімпазы анықталды.

Осыған дейін аймақтық іріктеу кезеңдері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында өткен еді. Әр өңірде жұлдызды тәлімгерлер - Қазақстан эстрадасының жас әншілері өз команда мүшелерімен бірге 8-13 жас аралығындағы жас өнерпаздарды таңдап, жартылай финал қатысушыларын анықтады. Алматы қаласының тәлімгері, топтың болашақ продюсері Ерболат Беделхан қыздар тобын байқаудың жартылай финалына дайындауға бел буды. Жеңімпаз қыздар: Айдана Жұмағұлова (13 жас), Дана Әли (12 жас), Ақерке Сүлейменова ( 13 жас). Жартылай финал қатысушыларын "Орда" тобының әншісі Ерболат Беделхан әріптестері  Есболат Беделхан және продюссер Султана Қаражігітовамен бірге анықтады. Байқау алаңына іріктеу барысында "Bala Turkvision Қазақстан" жобасының басты жанашыры Әлия Назарбаева арнайы келді. Жеңімпаз өзге өңірлерден озып шыққан жартылай финал қатысушылары секілді "Жұлдызды үйге" жолдама алады. Екі апта уақыт ішінде жартылай финал қатысушылары  кәсіби мамандардан сахна шеберлігі бойынша тәлім алады. Қыркүйектің 16-17 жұлдызында Астана қаласында өтетін Ұлттық іріктеудің жартылай финал мен финал концертіне жас сазгерлер қазақ тілінде орындаушыларға ән жазып береді. Жеңімпаз халықаралық "BALA Turkvizyon-2015" байқауының гранд-финалына жолдама алып, қазақ елінің атынан өнер көрсетеді. IMG_1813 IMG_1864 IMG_1900  

Похожие материалы