Мәжіліс депутаттары Көші-қон мәселесіне қатысты заңнаманы жетілдіру жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Бұл құжатта балалар төлқұжатының бағасын арзандату көзделген, деп хабарлайды 7kun.kz.
Парламент Мәжілісінің депутаты Ғазиз Құлахметовтің айтуынша, 2020 жылдан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға шетелге шығу үшін төлқұжат рәсімдеу міндеттелген. Отбасы бюджеті үшін балаға төлқұжат жасату шығын.
«Халықаралық тәжірибені ескере келе, балаларға берілетін төлқұжаттың жарамдық мерзімін қысқартып, бағасын арзандату ұсынылды. Себебі балалар жылдам өсіп, түр-әлпеті өзгереді. Осыған орай, 12 жасқа дейінгі балалар үшін құжат мерзімі 5 жылға қысқартып, 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар үшін 10 жыл деп өзгеріссіз қалдыруды қарастырдық. Сонымен қатар, балаларға берілетін төлқұжаттың ақысын 8 АЕК-тен (24504 тг) 4 АЕК-ке (12252 тг) азайтуды ұсындық. Бұл халыққа да қолайлы болмақ,» - дейді депутат.
Бұған дейін Қазақстанда берілетін төлқұжат пен жеке куәліктер үшін төленетін ақыны санаттарға бөлу жоспарланып жатқаны хабарланған. Нәтижесінде азаматтардың бір бөлігі үшін құжат бағасы қымбаттап, кейбіреулер үшін арзандауы мүмкін болған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024