Әйелдердің көшбасшылығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және Хоум Кредит Банкінің қолдауымен балалардың қаржылық сауаттылығын арттыратын жаңа кітап жарыққа шықты. "Қаражат әлеміне саяхат" кітабы - балалардың қаражат туралы сауатын ашуға арналған оқулық.
Кітап мақсаты - балаға ақшаның мәнін және оның құндылығын жетімді тілмен жеткізу, еңбекті бағалауды үйрету, неліктен қалағанының бәрін алу мүмкін емес екендігін түсіндіру және басқа да күрделі сұрақтарғы жауап беру. Кітаптың 5000 данасы шығып, 3000 данасына тағы тапсырыс берген. Кітап Ресей, Қазақстан, Беларусия, Қытайда басып шығарылып, ағылшын тіліне аударылуда. Сондай-ақ Әйелдердің көшбасшылығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қаржылық сауаттылық бойынша факультативтік семинарларды өткізуге арналған пилоттық жобаның қорытындысы ортаға салынды. "Жоба аясында еліміздің барлық аймақтарында көптеген іс-шаралар өткізіліп, ойын квестері дайындалды, мектептер, балалар үйлері және басқа да оқу мекемелері жобаға тартылды. 2015 жылдың сәуірінде 5-7-сынып оқушыларына арнап «Қаражат әлеміне саяхат» атты факультативтік сабақтар бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жобаның міндеті сабақтарды оқуышларға қызықты болатындай етіп және де олардың ата-аналарын, сыныптастарын, мұғалімдерін осы іске тарта отырып өткізуге бағытталды",- деді Хоум Кредит Банкінің қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет басшысы Ирина Шейкина. Осы кезең ішінде Алматы қаласының 8 мектебі семинарлық сабақтардың пилоттық бағдарламасына қатысқан. Ең үздік жаттықтырушылар жоғары білікті оқытушылардың дайындаған бағдарламасы бойынша қаржылық сауаттылық мәселелеріне арналған сабақтарды оқытты. Жобаға 1000-ға жуық оқушы қатысып, 140-тан аса бала семинардан өткені туралы сертификат алды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін балалардың қаржылық сауаттылығын арттыратын қазақ тіліндегі "Бай балақай" кітабының шыққаны туралы хабарланған еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024