Экономика
Балтамен ұрған: Ақтауда екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсеткен күдіктілер ұсталды
Ақтау. 15 қыркүйек. 7kun.kz – Ақтауда екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсеткен күдіктілерді ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Әлеуметтік желілерде бетперде таққан жас жігіттер балта және өзге де құралдармен екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан бейнежазбалар тарады. Екі факті бойынша да ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Екі оқиға да Ақтау қаласында әртүрлі уақытта болған.
Қазір жәбірленушілер мен үш күдікті анықталып, 16 және 21 жастағы күдіктілерді ұстады. Тағы бір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғалардың толық мән-жайы анықталуда. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024