Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Bank of America доллар дәуірінің аяқталатындығы туралы айтты

Bank of America доллар дәуірінің аяқталатындығы туралы айтты

Астана. 6 маусым. 7kun.kz -  Ерте ме, кеш пе әлем экономикасында доллардың үстемдік етуі аяқталады. Бұл туралы Bank of America Merrill Lynch компаниясының Ресей бойынша бас маманы Владимир Осаковский айтты.

«Егер тарихқа үңілсек, бұрын жаһандық валюта фунт стерлинг болған. Оны ығыстырып жіберді. Доллармен де бір күні мүмкін осындай жағдай болады», - деп атап өтті сарапшы.

Оның бағалауынша, бұл АҚШ-тың әлемдік экономикадағы үлесі «табиғи түрде» қысқарған кезде болады. «Бұл апатты жағдайға алып келеді ме? Факті емес. Бірақ күндердің-күнінде бұл болады», - деді Осаковский.

Сондай-ақ сарапшы Құрама Штаттардың қарызы абсолютті мәнде өте үлкен екендігін атап өтті - 16-18 триллион доллар. Бұл ретте қарызы одан жоғары елдер де бар. Мысалы Жапония. Оның қарызы АҚШ-пен салыстырғанда, екі есеге көп", - деп экономист Америкада қарыз дағдарысы болуы ықтималдығына қатысты пікір білдірді.

Похожие материалы