АҚШ. 8 ақпан. 7kun.kz - Bank of America қаңтар айында қызметкерлері жоқ, автоматтандырылған үш бөлімше ашқанын хабарлады. Банк өкілі Энн Пейстің бұл хабарын Reuters жариялады.
Пейнстің айтуынша, мұндай офистерде клиенттер банкомат қызметімен қатар, кредит карталарына тапсырыс беріп, ипотека мен автокредит рәсімдей алады. Ал клиенттерге Bank of America-ның басқа бөлімшелеріндегі қызметкерлер видео арқылы көмектесетін болады.
Банк өкілінің айтуынша, қызметкерсіз кеңсе ашу банк шығындарын үнемдеу шарасының аясында жүріп жатыр. Пейнс Миннеаполис (Миннесота штаты) пен Денверде (Колорадо штаты) ашылған жаңа кеңселердің көлемі қызметкерлері бар қарапайым кеңсенің төрттен бірін қана құрайтынын хабарлады.
Бұған дейін, ресейлік Сбербанк 2017 жылы робот-заңгер 3 мың қызметкердің орнын басатынын мәлімдеген еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024