«Bank RBK»АҚ мен«Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры» шағын және орта бизнес субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасы және шағын және орта бизнес субъектілерінің франчайзингтік жобаларын қаржыландыру бағдарламасы бойынша несиелік келісімдерге қол қойды. Несиелік келісімдердің жалпы сомасы - 1,8 млрд теңге. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
"Аймақтық қаржыландыру" бағдарламасы аясында банк Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарында қарыз алушыларға тиімді шарттар бойынша ШОБ субъектілерін несиелеуге кірісті. Аталған үш аймақтың кәсіпкерлері жергілікті атқарушы органдармен анықталған басымдылықтарға сәйкес қаржыландыру алатын болады.
"Франчайзингтік жобаларды қаржыландыру" бағдарламасы аясында несиелер бір қарыз алушы үшін 80 млн теңгеге дейінгі мөлшерде 7 жылға дейінгі мерзімге ұсынылады. Аталған бағдарламаға қатысудың негізгі шарттарының бірі – франчайзердің (айрықша құқық кешенінің құқық иеленушісі) франчайзингті жүзеге асыру бойынша оңтайлы тәжірибесінің болуы: бейрезидент-франчайзерлер үшін үш жылдан кем емес, резидент-франчайзерлер үшін екі жылдан кем емес. Әлеуетті қарыз алушы (франчайзи) жобаны жүзеге асыруға қатысуға қатысу кезінде жобаның жалпы құнының 10%-дан кем емес мөлшерін өз қаражатымен (ақшамен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қамтамасыз етуі қажет.
«Bank RBK «Даму» Қорымен бірлесіп қазақстандық кәсіпкерлер үшін жаңа қаржы құралдарын ұсынуға қуанышты. Жаңа бағдарламалар республикамыздағы шағын және орта бизнестің дамуына қосымша түрткі болуға ықпал етеді. Банк қазіргі таңда аталған бағдарламалар бойынша ШОБ субъектілерінің өтінімдерін қарастыруда және кәсіпкерлерге қаражатты қысқа мерзімде жеткізеді деген сенімде», - дейді «Bank RBK» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Шарипов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024