Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz - «Bank RBK» АҚ мен «Qazaq Banki» АҚ акционерлері екі қаржылық институтты біріктіру туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Жақында екі банкті біріктіру туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Бұл туралы RBK банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құжаттық негізгі ережелері ұлттық банктің мақұлдауымен жасалды.
Біріккен қаржы институты Bank RBK брендімен жұмыс істейді. Ал бас акционері Владимир Ким болады.
"Банк капиталының шоғырлануы арқылы банк секторындағы ойыншылардың іріленуі бұл - мықты банк секторын құру мақсатына жетудің дұрыс жолы. Міне сондықтан "RBK банкі" мен "Қазақ банкіне" Ұлттық банк толық қолдау көрсетіп отыр", - деп хабарлады «Bank RBK» АҚ басқармасының төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі Игорь Мажинов.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024