
Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Банк ЦентрКредит (БЦК) Қазақстанның қор биржасында 10 жылдық облигация орналастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды LS.
Биржада орналастырылған құжатта сауданың бүгін өтетіні айтылған. Облигацияның номиналдық құны – 100 теңге. Шығарылым көлемі- 10 млрд теңге. Уақыты -10 жыл. Купондық мөлшерлемесі - жылдық 12 пайыз, төлем жиілігі жылына 2 рет.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!