Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банк ЦентрКредиттің акцияларын сату бойынша келісімге қол қойылды

Банк ЦентрКредиттің акцияларын сату бойынша келісімге қол қойылды

Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz -  International finance corporation (IFC) және кореялық Kookmin Bank Банк Центр Кредиттегі өздеріне тиесілі акцияларын сату-сатып алу бойынша келісімге қол қойды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Банк ЦентрКредит акциясының 41,93%-на ие кореялық Kookmin Bank өзіне тиесілі барлық акцияларды сату-сатып алу бойынша банк акционері Бақытбек Байсейітовпен, «Цесна банк» АҚ-мен «Цесна қаржы холдингі» АҚ-мен бірге келісімге қол қойды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Құжатта келісімдер реттеуші органдардың мақұлдауымен жүзеге асырылатыны айтылған. "Банк иелерінің ауысу процесі 2017 жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2017 жылдың 23 қаңтарында Кореялық Kookmin Bank қазақстандық ЦентрКредит банкіндегі үлесін сатуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Ал бір аптадан соң Банк Центр Кредиттің шетелдік акционерлері үлесін қазақстандықтарға сататыны белгілі болды. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Владислав Ли KASE-ге хабарлама жолдған. Хабарламада айтылғандай банктің 10,0% үлесіне ие International finance corporation өз үлесін Бақытбек Байсейітовке сатуды шешкен.

Ал банк акциясының 41,93%-на ие кореялық Kookmin Bank бұл үлесті Бақытбек Байсейітов, «Цесна банк» АҚ, «Цесна қаржы холдингі» АҚ-нан құрылған үштікке сатуға келіскен.

Похожие материалы