Экономика
Выбор редактора
Регионы
Банкирлер мемлекеттік бағдарлама бойынша несиелендіру мөлшерлемесін көтеруді сұрап отыр
Оралда банк өкілдері "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиелендіру мөлшерлемесін арттыруды сұрады. Олардың айтуынша, қазіргі көрсетілген 14%-дық мөлшерлеме шағын бизнес субъектілерін несиелендіруде жеткіліксіз екен. Бұл туралы "Уральская неделя" хабарлады.
Екінші деңгейлі банк өкілдері меен "Даму" қоры бірлесіп өткізген "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша есептік кездесуде аталған мәселе талқыланды.
"Жол картасы бойынша ең соңғы мөлшерлеме 14%-ды құрайды. Ал оған кететін банк шығыны одан артық.Яғни несиелендіру мөлшерлемесін арттыру қисынға келеді", - деді АТФ банк менеджері Азамат Османғалиев.
"Даму" қорының өкілдері қазіргу уақытта мөлшерлемені көтеру туралы сөз қозғап қажет емес екенін жеткізді.
"Біз кәсіпкерлерді қолдау керекпіз, сондытан ескі жүйе бойынша, яғни, 7%-ды кәсіпкер, 7%-ды мемлекет жабады", - деді Қор қызметкері Айнагүл Арыстанова.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024