Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Соңғы жылдары банктер агроөнеркәсіптік кешенін (АӨК) қаржыландыруды 448 млрд теңгеден 112 млрд теңгеге дейін, яғни 4 есеге дейін қысқартты. Бұл туралы «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттырудың проблемалық мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, бүл ретте ҚазАгро несиелеуші еншілес ұйымдары несие беру көлемін еселеп ұлғайтты.
Қаржыландырудың төмендеуіне ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өтімді кепілдіктердің жетіспеушілігі, ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары тәуекелдері, табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділік, сондай-ақ ұзақ мерзімді өтелімділік және ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың төмен рентабельділігі ықпал етеді. Соның салдарынан, кредиттер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелер жоғары.
«Біз банктерді АӨК қаржыландыруға тарту үшін жағдай жасауымыз керек. Секторды қаржыландыруда ҚазАгроның үстемдігі банктерге, кредиттік серіктестіктерге және микрокредиттік ұйымдарға қорландыру беру арқылы біртіндеп азайтылуы тиіс. Неге бұл жолмен жүру керек? Өйткені, бір квазимемлекеттік қаржыландыру көзі болған кезде, несие беру үшін ықтимал жемқорлық рента салдарынан «бөртпе» әсері пайда болады », - деп түсіндірді Рүстем Құрманов.
Оның айтуынша, АӨК-нін дамыту мемлекеттік бағдарламасында ҚазАгроның тікелей несиелендіруден бірқалыпты кетуі және жеке кредит беруші ұйымдарды қорландыруға көшуі қарастырылған. Осылайша, қаржыландыруға қол жеткізу ауыл шаруашылығы қызметкерлері үшін жеңіл болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024